Үйірмелер жұмыс істемеген: Өнер және спорт мектебінің директоры сотталды

2 253

Фото: NUR.KZ/Петр КарандашовАбай облысында "Damu Bala" платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Өңірдегі білім беру орталығының директоры 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында анықталғандай, "SAMGAU өнер және спорт мектебі" ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәлімет берген.

Шындыққа жанаспайтын мәліметтері бар ай сайын тапсырылатын есептер негізінде уәкілетті орган тарапынан жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған.

Есеп құжаттарында көрсетілген кей балалар шын мәнінде сабаққа қатыспаған, тіпті кейбірі өздерінің бұл бағдарламаға "қатысушы" ретінде тіркелгенінен мүлдем бейхабар болған.

Мәселен бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген.

"Тергеу барысында күдікті мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залалды толық өтеді", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.