Тұңғышбай Жаманқұлов психологиялық емханада емделгенін айтты
530
Белгілі актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов басынан өткізген қиын күндерді еске алып, зардабынан психологиялық емханада ем алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тұңғышбай Жаманқұловқа "Тергеу аясында бесінші кітабыңыз жоғалып кетіпті? 400 беттей жазылған, дайын тұрған кітап екен, қаншалықты рас?" деген сауал қойылған.
Актер жазылып бітуге таяп, енді жарық көргелі тұрған кітабын белгісіз біреулердің арнайы тапсырмамен жойып жібергенін айтты. Айтуынша, осы тұста орын алған жағдайлардың барлығы өнер иесіне психологиялық ауыр соққы болғанға ұқсайды.
Сондай-ақ, Тұңғышбай Жаманқұлов 70 жылдық мерейтойы атаусыз қалғанын айтып күрсінді.
Автор: Асмира Ермекқызы

Мына жағдай басыма түскенде шапқылап секіріп өттім деп айта алмаймын. Мен де жұмыр басты пендемін. Қатты қайғырдым. Үлкен ауыр психологиялық жағдайларды басымнан кештім. Емханаға екі-үш рет түстім. Тіпті, әлгі психологиялық емханаға түстім. Сонда жатып психолог дәрігерлердің неше түрлі сұрақтарына өзім үрке-үрке жауап бердім. Қиналып жүрген сәтте, тергеліп жатқанда ол бір тапсырма алған ғой. Компьютерімде тұрған кітабымды өшіріп, жоғалтып, күйдіріп жіберген. Ол жерде тек қана менің өмірден көрген-түйгендерім, сонан соң әріптестерім жайлы жазған естеліктерім, өмір, өнер жайлы айтатын ой-пайымдарым бар еді. Солардың бәрі өшіп кетті. Қайтадан қайтара алмай қалдым. Есімде ғой. Бірақ, соны жазған кездегі менің көңіл күйім, санадан жүрекке, жүректен сияға қарай байланыс үзілгенде қолым қайтадан қаламға бармай қалды, - дейді ол.
Сондай-ақ, Тұңғышбай Жаманқұлов 70 жылдық мерейтойы атаусыз қалғанын айтып күрсінді.
Ол бір кішкентай "әттеген-айым". Той тойлау міндетті емес. Халық мені жақсы көреді. Иә, "Ой Тохаң 70-ке келіпті" деп тойланбай қалды. Сол кездерде театрымыздың директоры менің "жақсы көретін" министрімнің төңірегіндегі жүрген жандайшаптары болды. Өзім ешкімге білдірмей Таразға барып "Қуыршақтар" деген моноспектакль дайындадым. Соны Таразда ойнап, енді өз театрымда ойнайын дегенімде театр директоры бос тұрған кіші залды бермей қойды. Менің "жақсы көретін министрім" барлық облыстың мәдениет үйлеріне де хабарласып "қабылдамайсыңдар" деп қойған, - деді.
Автор: Асмира Ермекқызы