Италияда Шоқан Уәлихановқа арналған ғылыми еңбек жарық көрді

2 010

фото пресс-службы МКИ РКШоқан Уәлиханов туралы монография алғаш рет итальян тілінде жарық көрді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияға сапары кезінде «Шоқан Уәлиханов және қазіргі Қазақстанның бастауы» атты монографияның таныстырылымына қатысты.

Белгілі ғалымның 190 жылдығына арналған кітап алғаш рет итальян тілінде жарық көрді. Министрдің айтуынша, Шоқан Уәлихановтың мұрасын итальян оқырмандарына таныстыру екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтады.

Монографияны итальян профессоры Федерико Пасторе жазып, Шоқан Уәлиханов өмірі мен ғылыми қызметіне қатысты қазақстандық дереккөздерді зерттеген. Кітап Қазақстанның Италиядағы Елшілігінің қолдауымен және жеке демеушілердің көмегімен жарық көрді. Енді зерттеу ағылшын тілінде де қолжетімді. Еске сала кетейік, тамызда Бішкекте Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өткен болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.