Жастардың дәстүрлі әнге қызығушылығы артып келеді

2 534

Фото: UGCСоңғы жылдары дәстүрлі ән өнеріне деген қызығушылық жастар арасында күшейіп, халық мұрасын насихаттайтын түрлі жобалар мен концерттер жиі ұйымдастырылып келеді. Бұл туралы дәстүрлі әншілер — ҚР мәдениет саласының үздігі Берік Омаров пен Халық әртісі Айгүл Қосанова Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Берік Омаровтың айтуынша, дәстүрлі өнерді дәріптеу – үлкен жауапкершілік:

«Қазақтың ұлттық коды – төл музыкасы мен мәдениетінде. Сол бағытта еңбек етіп жүрген әр әртістің миссиясы халық игілігіне қызмет ету», – деді ол.

Айгүл Қосанова халық әндерінің түпнұсқасын сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті:

«Әннің әуені мен мәтіні – ата-бабамыздың аманаты. Оны бұрмалауға болмайды. Заманауи өңдеу жасауға болады, бірақ түпнұсқадан айырылмау қажет», – деді халық әртісі.

Оның айтуынша, бүгінде жастардың дәстүрлі әнге қызығушылығы артқан. Бұрын консерваторияны небәрі 5–6 студент тәмамдаса, қазір бұл көрсеткіш 20–25-ке жеткен.

Берік Омаров та музыкалық білім алудың қолжетімді болғанын атап өтті:

«Қазір өңірлерде жаңа оқу орындары ашылып, мемлекеттік гранттар саны көбейді. Бұл – жастарға үлкен мүмкіндік», – деді ол.

Айгүл Қосанованың айтуынша, түлектердің басым бөлігі жұмысқа орналасып жатыр:

«Былтыр біздің оқу орнын 20 студент бітірсе, соның 18-і қызметке тұрды. Демек, дәстүрлі әншілерге деген сұраныс бар», – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.