Ф. ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

562
ЕЛОРДАДА Ф. ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ , - ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ Opennews.kz АҚПАРАТ АГЕНТТГІГІ.

Шараға жиналғандар ақын рухына тағзым етіп, арнайы ашылған мұражаймен танысты. Оқушылар ақынның отты өлеңдерін жатқа айтып қана қоймай, шығармашылығымен  танысты. Тіпті электронды нұсқадағы кітаптары көпшілік назарына ұсынылды. Оны ұялы телефонға шығару үшін арнайы QR кодты өткізсеніз болғаны. Ақынын ардақтаған алқалы жиынға депутаттар мен белгілі қаламгерлер қатысты.

"Ол кісі мұңды жазып отырып ерекше бір өрлікпен жазатын. Ол ішіндегі мұңын ерлікке айналдырып алатын. Бір қажырлылық , бір ерекше бір ішкі дауылды жай ғана ,махабат деген бір жылауық нарсе емес, ішкі қуат ретінде көрсете алатын ақынғой. Сондықтан да оны махабат саласының бағытында революция жасаған ақын деп айтамыз", - деді Еуразия ұлттық университетнің профессоры Оңайгүл Тұржан.

"Бүгінде міне қазақтың аяулы адамы фаризаға осындай құрмет көрсетіп отыр. Фариза Оңғарсынова қазақтың рухына әсер еткен адам, қазақ қызын кәдірін артыра түскен адам аңызға айналған адам көзі тірісінде. Фаризаның өмірдегі жолы таусылды, өлеңдегі жолы таусылмайды", - деді  Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов