«Қазақстан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталды
Алматыда «Қазақстан аруы – 2023» ұлттық сұлулық байқауы аяқталды. Байқауда бас жүлдені 21 жастағы Сабина Ыдырысова жеңіп алып, осы жылдың «Қазақстан аруы» атанды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Биылғы байқау экологияны қорғау аясында «Болашақты аяла» - «Защити будущее» ұранымен өтті. Байқаудың финалдық кезеңіне кастингтерден және жартылай финалдың нәтижесінде іріктеліп шыққан 25 қыз қатысты. Олардың арасында өңірлік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары да болды.
Байқауға баға беретін әділқазылар құрамында: «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева, «Қазақстан аруы – 2022» байқауының жеңімпазы Томирис Какимова, спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар, блогер, актриса Жания Джуринская, қырғыз дизайнері Арзубек Вонама, кәсіби модель Анжела Пересыпкина болды.
«Қазақстан аруы» атағы мен «Әлем аруы» байқауына жолдаманы 21 жастағы Сабина Ыдырысова жеңіп алды. Оған сондай-ақ 5 млн теңгенің сертификаты табысталды.
- «Қазақстан ғалам аруы» тәжі мен «Әлем аруы» байқауына жолдама 23 жастағы Мадина Әлмұхановаға берілді.
- «Қазақстан жер аруы» атағы мен «Жер аруы» байқауына жолдама 20 жастағы Аяулым Алимхалиеваға берілді.
- Ботагөз Нұржігітова «Қазақстан вице-аруы – 2023» атанды.
Сайтта дауыс беру арқылы көрермен көзайымы сыйлығының иегері Аделина Багумбаева болды.