Дария көңіл даналардың дәстүрлі додасы өтті
Ауданда ел бірлігін сақтап, ұрпағына өнегелі өмір өрнегін қалыптастырған қазыналы қарттарымыздың, өмір жолында адал қызмет еткен зейнеткерлеріміздің аудан үшін атқарған еңбегі зор ардагерлеріміздің басын қосып, замандаспен дидарластыру мақсатында дәстүрлі балық аулау сайысы ұйымдастырылып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Абыз ақсақалдар мен зейнеткерлердің бүгінгі бәсекесіне аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, халықтың қамын ойлаған, ойы терең даналарымызға сәттілік тіледі.
Қарттарын асыл қазына деп ардақ тұтқан егеменді елімізде ардагерлеріміз әрқашан құрметке лайық. Құрметті демалыста жүрсе де ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-қоғамдық өміріне араласып, игілікті шараларда белсенділік танытып келесіздер.
Аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене араласуы аудан тұрғындары мен жастарымыздың спортпен шұғылдануына үлкен бағыт – бағдар беретіні сөзсіз.
Бүгінгі туған жердің табиғатында ұйымдастырылып отырған тамаша шара жастарға үлгі болар игі дәстүр десем қателеспеймін»,-деді Ардақ Ибраимов.
Аудан ардагерлері арасындағы балық аулаудан жарыс 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп, жарысқа қатысушы ағаларымыздың саны да жылдан – жылға артып келеді. Бүгін жарыстың қорытындысымен үздіктер марапатталып, белсенді қатысқан ардагерлерге арнайы номинациялар табысталды.