Тайқазанның шырмалған шындығы

2 125
Ғасырлар бойы тарихқа айналған Тарқазанның ел есімеген ақиқаттары ашылуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Назаров жинақтаған фактілерге орай негізделген материалдар бойынша тайқазан туралы ізденістер бұрын тек Эрмитаждың басшылығына әрі кетсе, Мәдениет министріне ғана  жасалған. Өзбекәлі Жәнібековтің тапсырмасымен бірнеше лауазымды кісілер Эрмитажға барып, Тайқазанды көріп қайтқаны шындық. Ал, кеңес Одағының Кремльде өтіп жатқан съездің Президумына құттықтау емес, шағым ретіндегі  жедел хаты таңқаларлық жағдай екені шындық. Бұл оқиғаның ең биігінде мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков тұрғанын кейіпкеріміз баспасөзде, кітаптарында да үзбей жариялап та, жырлап та келе жатқаны да шындық.

Ясауи  (мавзолейінің) кесенесінің қызметкері, «Ясауи мұрасы» газетінің редакторы «Тайқазанның таусылмайтын жыры бар» деп жазған еді, бұдан бірнеше жыл бұрын. Кезінде «Егемен Қазақстанда», «Оңтүстік Қазақстанда» «Қазақия» газеттерінде Тайқазанның Ленинградқа қашан?, не үшін алдырылғаны, қалай қайтарылғаны туралы Қазақстан,  Ресей үкіметтерінің ресми құжаттары арқылы алынғаны, қалай қайтарылғаны туралы түпнұсқасы құжаттары арқылы жарияланғаны шындық. Өткен айдың соң жағында он шақты жоғары төмен орындардан қоңырау соқты. – Порталдан оқысаң, Тайқазанды қайтаруға сіздің титтей де қатысыңыз бар екенін, ал сіз ұдайы жазып жүрген мемлекет қайраткері ұлтымыз бен шындықтың шырақшысы болған, сіздің белсенділігіңізбен насихатталып жүрген, көреген Өзбекәлі Жәнібековтің алғашқы жол сілтегені бастау болғаны туралы сөз айтпайды.

Айтылған сөзің айтылған жерде қалатын болса, айтпай-ақ қой деген. Тек шындықты шырмауықтың  шырмауынан ажыратар  күн  жоқ. Неге бұлай болғаны, маған 33 жылдан бері белгілі. Бақталастық, қызғаныштық.

Жерлестерден тұрады бар айналам,
Жақсылардың бәрінен арай алам.
Арым таза, болған соң, қолым таза
Кім болсаң да тура тік қарай алам.

Нұрмахан Назаров.