Әлихан Бөкейханов туралы фильм түсіруге ақша табылмады дегенге сенбеймін - Азат Перуашев

2 520

Депутаттың сөзінше, түрлі тұрмыстық хикаяларды түсіруге қаражат бар, бірақ ұлт көсемі туралы фильм түсіруге ақша табылмады дегенге мен сенбеймін дейді, деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Біздің партиямыз “Алаш” тақырыбын Мәжілісте, парламенттік мінберде 2012 жылдан бастап жиі көтеріп келеді. Алаштың мұрасын, ұстанымдарын зерттеу, насихаттау, іске асыруды “Ақжол” партиясы өзінің рухани, саяси міндеті деп санайды”, – дейді депутат.

Журналист депутаттан “Алаш” тақырыбына қатысты парламенттік тыңдау өту керек пе?” деп сұрады.


“Иә, оны жасауға болады. Бірақ тыңдау – бір-ақ рет өтетін іс-шара. Ал біздің ойымызша, “Алаш” идеясы ұран ретінде айқайлайтын мәселе ғана емес. “Алаш” ұғымының артында бірталай ұстанымдар жатыр. Біз соны іске асыруымыз қажет”, – деп санайды Азат Перуашев.


Сондай-ақ журналист Перуашевтен Қазақфильмнің Әлихан Бөкейханов жайлы фильмді түсірмейтін болғанына қатысты ойын сұрады.