ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШАҚТЫ

856
«Менің Қазақстаным» сериясы бойынша ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы «Даланың таза бұлағы» атты кітап жарыққа шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Онда мұрағаттық, экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған көптеген  тың тарихи дерек жарияланған. Қостанайда жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.  

«Даланың таза бұлағы» Кітаптың бұлай аталуы да тегін емес. Тұсау кесер рәсімін ашқан ақын Ақылбек Шаяхмет қазақы ұғымға сия қоймайтын «Дала қоңырауы» деген атаудан алшақтап, халық ағарту ісінің тұңғыш абызын таза бұлаққа теңеу әбден орынды деп біледі. Бұл кітаптың тағы бір ерекшелігі, жаңа технологияға негізделгені. Оқырман  ОR код көмегімен деректі фильм, аудио жазбалармен таныса алады. Сондай-ақ бұл кітапта ұлы ағартушыға қатысты көптеген тың деректер жарияланған. 


"Еш бір жерде бұрын жарияланбаған мұндағы дерек, осы кітап жазу барысында біз Балқожа бидің суретін таптық. Осы суретті осы кітапқа енгізіп отырмыз. Сондай-ақ Балқожа бидің баласына айтқан ақылы, ол бұрыңғы « үміт еткен көзімнің нұры балам» деген өлеңі бар еді ғой, енді, бұл жерде ерекше басқа  бір үлкен, көлемді шығармасы беріліп отыр", - дейді  Ы. Алтынсарин музейі директорының  ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Өтелбаева.


Ыбырай Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай, Илецк елді мекендерінде мектеп ашқандығы көпке мәлім. Бірақ Ресейдің Троицк қаласында 1879 жылы екі қабатты білім ордасы мен медресе жатақханасын салуға қаржылай қолдау көрсеткендігін біреу білсе, біреу білмейді Ол турасында кезінде америкалық ғалым Хамида Эльгара осы ғимараттардың құрылысына көпес Алтынсарин ақша бөлді деп жазыпты. Зерттеуші ғалымдар оның Ыбырай Алтынсарин екендігіне шүбә келтірмейді. 


"Троицк қаласындағы өлкетанушы тарихшы Рауф Гизатуллин оны зерттеп, дәлелдеді. Енді біз Алтынсарин салдырған медресе жатақханасына  мемориалды тақта немесе басқа бір белгі орнату ойымызда бар. Бұл Троицк қаласы тарихындағы ерекше оқиға болмақ. Кітап бес мың данамен екі тілде шығарылып отыр. Тарихи деректер сапалы видео, суреттермен кескінделген жинақ кез-келген жасқа түсінікті әрі ұғынықты", - деді Троицк өлкетану музейінің қызметкері Венера Шакенова.