Ерке Есмахан "Маска" шоуында өзін сынға алғандарға жауап берді

380

https://www.instagram.com/erke_esmahan/?hl=ruОтандық танымал әнші Ерке Есмахан "Хабар" арнасы ұсынған "Маска" шоуына қазылар алқасының мүшесі болып таңдалды. Алайда, өнер иесіне мұндай мәртебе берілгені кейбір жандарға аса ұнамай қалған көрінеді. Олар эстрада жұлдызын желіде қатты сынап жатыр.

Ерке Есмахан "Маска" шоуында қазылық еткені үшін өзін аяусыз сынаған жұртшылыққа желіде жауап берді. Ол Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, бұл жайтқа қатысты өз ойын айтты. 

"Маска” шоуының біраз пікірін оқып шықтым. Мен сөйлесем, “немене көп сөйлейді, елдің назары жетіспейді ме?” депті. Сөйлемесем, “неге сөйлемей өзінше боп, жақтырмай отыр” депсіздер. Масканы таппасам слухы, логикасы жоқ, тапсам құрбысы Гүлнұр Мамасарипова немесе костюмер сіңілдері айтқан депсіздер. Айналайындар-ау, ешкім ешкімге ештеме айтуға хақысы жоқ, өйткені шоуда жұмыс істейтін барлық адамдар контрактқа қол қойған. Қанша жақын болса да, айта алмайды, айтса 3 млн тг айыппұл төлейді. 

Сол айыппұл болмағанда, үйтіп-бүйтіп “по-қазақски” біліп алуға болар еді. Менің өзіме қызық жюри болып, маска киген адамды табу. Сондықтан “Еркемін, еркелет өмір” дегендей ғой. Соңына дейін отырамын жюрида. Сіздер де көріңіздер, алдыңғы бағдарламаларда тіпті шок жағдайлар болады" , - деп жазды Ерке Есмахан. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.