Ресей тарихшысы Алаш партиясының басшысы туралы кітап жазды

576
Орыс ғалымы Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан туралы «Дәуір аясындағы саяси портрет» атты кітап жазып шықты- деп хабарлайды Opennews.kz  

Қазан айында жарық көретін монографияға бұрын жарияланбаған тың мәліметтер енген. Ресейлік тарихшы Виктор Козодой бұл еңбегін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнағанын айтты. Кітап ірі тарихи әрі саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның өмір жолын қамтыған.Тарихшының айтуынша оның есімі қазақ жұртына кеңінен танымал болғанымен,  ресейліктерге таныс емес екендігін айтады. Осы олқылықтың орынын толтыру үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, қарапайым тілмен монография жазып шықтым дейді.Монография 1000 дана болып көлемінде шығарылмақ.

Бұл Әлихан Бөкейханов туралы Ресейде жарық көретін  алғашқы кітап болмақ. Туындының тұсаукесерін Қазақстанның үш қаласында өткізу жоспарланған.