Алматыда Роза Бағланованың ескерткіші ашылды

457
Алматы қаласында Халық әртісі Роза Бағланованың ескерткіші салатантты түрде ашылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ескерткіш көрнекті опера және эстрада әншісінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылды.

 Ескерткіштің ашылу салтанатында алғашқы сөзді Алматы әкімі Ерболат Досаев сөйледі.

"Қазақтың кәсіби ән өнері дегенде, біздің есімізге ең алдымен түсетін санаулы ғана есім бар. Олар аттары аңызға айналған – Күләш Байсейітова, Ермек Серкебаев және бүгінгі ескерткіші ашылғалы отырған Роза Бағланова. Бұл ескерткіш жеке адамға ғана емес, ұлтымыздың ән өнеріне, тұтастай қазақ мәдениетіне қойылып отырған ескерткіш! Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін бой көтеріп отырған бұл ескерткіш жақсылықтың жаршысындай болып, айналасына жылуын шаша берсін!", — деді Досаев.

Қонақтардың арасында Алтынбек Қоразбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Нұрлан Оразалин, Әлібек Дінішев және өзге де қонақтар, қала тұрғындары бар.