Ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігерлер көрсетілді
Ақтөбеде ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігер жеті елдің ғалымдары қатысқан халықаралық конференцияда көрсетілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олардың арасында аттың алтынмен апталған әбзелдері мен қарудың неше атасы бар. Тарихшылар "Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар" атты жиын аясында сол кезеңдегі оқиғаларды кеңінен сөз етті.
Халықаралық конференция ел тарихындағы ең маңызды оқиға – Халықтардың Ұлы қоныс аударуы тақырыбында өрбігенімен, негізінен ғұндардың кезеңі туралы айтылды. Себебі шығыстан батысқа қарай көш түзеуге сол тайпаның үлесі мол болған. Ғалымдардың айтуынша, олар Еуразия кеңістігін шарлап, шығыс Еуропаға дейін жеткен.