Әкімдік 19 млн теңгеге түсірелетін комикстерге қатысты түсінік берді

2 159

Фото: Мухтор Холдорбеков/ KazinformАлматы облысында тендер арқылы 19 млн теңгеге комикс дайындалады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Осыған байланысты өңір әкімдігі түсінік берді.  Облыс әкімдігінің мәліметінше, жоба дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға және экстремизмге қарсы тұруға бағытталған. Медиа сауаттылық пен ұлттық бірегейлікті дамытуға баса назар аударылады. 


"Ақпараттық-цифрлық материалдарды әзірлеуге 19 701 000 теңге қарастырылған. Сома нарықтағы баға мен шығындарды егжей-тегжейлі талдау арқылы негізделді.", - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі. 


Жоба кәмелетке толмағандардың деструктивті ағымдарға тартылуын азайтуға және мәдени құндылықтарды нығайтуға көмектеседі. 

"2024 жылы өңірде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы діни сенім деңгейі 55%-дан асады, ал шамамен 35%-ы діни білімді интернет арқылы алады, - деп атап өтті әкімдіктен. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.