Әкімдік 19 млн теңгеге түсірелетін комикстерге қатысты түсінік берді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысында тендер арқылы 19 млн теңгеге комикс дайындалады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты өңір әкімдігі түсінік берді. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жоба дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға және экстремизмге қарсы тұруға бағытталған. Медиа сауаттылық пен ұлттық бірегейлікті дамытуға баса назар аударылады.
Жоба кәмелетке толмағандардың деструктивті ағымдарға тартылуын азайтуға және мәдени құндылықтарды нығайтуға көмектеседі.
Қаз
Рус






