Қазақстан Сәулетшілер одағының жаңа президенті сайланды
433
Серік Сұлтанғали Қазақстан Сәулетшілер одағының жаңа президенті сайланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жиын барысында еліміздегі сәулет индустриясын дамытудың басты мәселелері талқыланған. Іс-шараға Сәулетшілер одағының филиалдары мен бастауыш ұйымдарынан 90 делегат қатысты. Съезд кезінде бірлестіктің жаңа басқарушы құрамы сайланған. Одақтың басшысы лауазымына профессор, Халықаралық Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, КСРО және Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Серік Сұлтанғали тағайындалды.
Құжатта бірнеше негізгі шешімдер ұсынылған:
1. Сәулетшілердің келесі бынын қалыптастыру мақсатында сәулет жобалауда үлкен кәсіби тәжірибесі бар және облыстардың, қалалар мен аудандардың бас сәулетшілерін лауазымға іріктеу кезінде шығармашылық қабілеттерін көрсеткен Қазақстан Сәулетшілер одағы қатарынан кадрлар дайындау процесі жүзеге асырылатын болады;
2. Қалалық және ауылдық аймақтардың сәулеттік келбетін жақсарту үшін сәулеттік конкурстарға бастамашылық ету;
3. Қазақстан аумағында сәулет мұрасын қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізу.

«Бұрын біздің елімізде қала құрылысы кеңесі жұмыс істеген. Кез келген ғимараттың құрылысын көлеміне қарамастан, Қазақстан Сәулетшілер одағы жанындағы сәулет қоғамдастығы әрқашан қарастыратын. Одақтың жас мүшелері көп екенін ескере отырып, барлық жаңа технологиялар одақтың бақылауында екенін айтқым келеді. Азаматтар наразы болатын хаотикалық және тығыз құрылысқа жол берілмеуі керек. Біз қала құрылысы кеңесінің шешімдері мен ұсыныстарына қол жеткіземіз және оған сүйенеміз», - деп атап өтті Сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали.