Елордада кезекті күй жәрмеңкесі өтті
366
Нұр-Сұлтан қаласындағы Құрманғазы ескерткішінің жанында Конституция күніне арналған «Күй жәрмеңкесі» атты мәдени-рухани іс-шара өтті, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Іс-шараға әр түрлі жастағы тәжірибелі домбырашылар мен жас дарындар да қатысты.
Бұған дейін күй жәрмеңкесі аты аңызға айналға Дина Нұрпейісованың құрметіне өткізілген болатын, бұл жолы біз ұлы композитор Құрманғазы Сағырбайұлына құрмет көрсетуді жөн көрдік. Біздің іс –шарамыздың дәстүрге айналғаны және оған жас домбырашылар көбірек қатысатыны қуантады, демек, өскелең ұрпақ өз халқының мәдени мұрасын құрметтейді, - деп атап өтті «Күй Ана» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев.
Домбыраның керемет дыбысы бірден өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударды. Далада домбыраның сазды әуенің тыңдауға көптеген адамдар жиналды.
Мен үйге асығып келе жатқанда домбыраның керемет дауысын естіп қалдым. Күйді тыңдап өте жақсы сезімде болдым. Осындай іс-шаралар әдеттегі музыкадан бөлек керемет сезім сыйлайды, - деді Жазира Тоқжанова.