Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толды

2 744

Фото: qazaqstan.tvОл қазақтың алғашқы ханынан бастап, соңғы ханына дейінгі тарихты қағаз бетіне түсірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматыдағы Ұлттық кітапхана мерейтойға орай көрме ұйымдастырып, оқырмандарды жазушының мұрасымен таныстырды. Ілияс Есенберлин мұрасы қазақ әдебиеті мен тарихы үшін алтыннан қымбат қазына. 

Жазушының қаламынан шыққан шоқтығы биік "Көшпенділер" мен "Алтын Орда" тарихи трилогиялары оқырманға етене таныс. Оның "Қауіпті өткел", "Ғашықтар" романдарын да оқырман сүйіп оқиды. Ұлттық кітапхана қаламгердің шығармаларын үнемі дәріптеп отырады. 

Білесіздер, Ілияс Есенберлин тарихи тақырыпта көптеген романдар жазған жазушы. Сондықтан біз ең бірінші Ілияс Есенберлиннің өзінің өмірбаянына арнадық бірінші бөлімді. Екінші бөлім ол кісінің жиырмаға жуық романдары топтастырылды. Үшінші бөлімде Ілияс Есенберлин туралы жазылған біздің ғалымдардың, әдебиеттанушы профессорлардың еңбектері енгізіліп отыр. Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Атбасарда дүниеге келген, - деді ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Қанат Алтынбек.

Ерте жетім қалған қаламгердің өмірі де, шығармашылығы да қиындыққа толы болған. Екінші дүниежүзілік соғыста аяғынан жарақат алған майдангер соғыстан кейінгі өмірін әдебиетке арнайды. Кеңестік саясаттан қорықпай қазақ хандығының шежіресіне айналған "Көшпенділер" трилогиясын жазды. 

Ілияс Есенберлин 17 роман жазған. Бұл жазушы үшін үлкен олжа. Тарихи тақырыптардан бөлек әдебиеттің басқа жанрларында да қалам тербеді. "Айша" және "Сұлтан" поэмалары да жарық көрді. Әдебиеттанушылар Есенберлин мұрасын біраз жылдан бері зерттеп келеді. Енді автордың қолжазбалырын тереңінен зерделеу қажет,-дейді филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.