Ереванда жүріп-ақ қазақ тілін «Абай жолы» арқылы меңгердім - Армениялық полиглот
726
Армениядағы Ереван мемлекеттік университетінде қазақ тілін Абай мен Әуезов арқылы өзі оқып, меңгерген полиглот бар, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өз ана тілінен бөлек, әзербайжан, ағылшын, түрік, орыс тілдерімен бірге қазақ тілін де меңгеріп жүрген армениялық Шушан Хачатарян – Ереван университетінің аспиранты. Бір қызығы ол, қазақ тілін «Абай жолы» романының 4 томын түпнұсқада оқу арқылы жетілдірген екен. Ал, қазақ әлемінің есігін осы эпопеяның екі томын орысша оқып ашқан. Аспирант Мұхтар Әуезов шығармашылығын диссертациялық жұмысына өзек етіп алыпты.
Қазақстанға бір-екі рет қана келгені болмаса, айлап-жылдап тұрмаған полиглот қазақ болмысын кітап арқылы танып білгенін айтады. Қазақтармен соншалық араласпаған, араласпайды да. Өзінің айтуынша, бұл – кітаптың күші. Қазақ тілін Арменияда жүріп-ақ, қажетті ортаның көмегінсіз меңгерген жас ғалымның бұл феномені Қазақстанда қазақ тілін меңгеруге қажетті тілдік орта жеткіліксіз деп сылтау айтатын азаматтарға үлгі боларлық.
Ереван мемлекеттік университетенің профессоры, Шушан Хачатарянның ұстазы Александр Сафарян түркі кафедрасының базасында Қазақстан мен Армения арасындағы байланыстың арқасында Абай бұрышы ашылғанын айтады. Шушан Хачатарян «Абай жолына» осы орталық арқылы жолыққан. Бұл бұрышта армениялық студенттер Абай бастаған Алаш арыстарының шығармашылығы мен қайраткерлік жолы туралы білімге қанығып, қазақ тарихымен танысып жүр. Ақын-жыраулар шығармаларының бірнеше тілдегі нұсқасын салыстырып оқып, фольклорлық мұрасын да меңгереді.

«Мен қазақ тілін Ереван мемлекеттік университетінің шығыстану факультетіндегі Түркітану кафедрасында оқыдым. М. Әуезов туралы көп диссертациялар, еңбектер жазылған. Бірақ, армян оқырмандары оны сонша жақсы білмейді. Менің бірінші үлкен мақсатым – армян оқырмандарына, ғылыми ортаға Мұхтар Әуезовті таныстыру, ғылыми ерекшеліктерін көрсету», - дейді Хачатарян.
Қазақстанға бір-екі рет қана келгені болмаса, айлап-жылдап тұрмаған полиглот қазақ болмысын кітап арқылы танып білгенін айтады. Қазақтармен соншалық араласпаған, араласпайды да. Өзінің айтуынша, бұл – кітаптың күші. Қазақ тілін Арменияда жүріп-ақ, қажетті ортаның көмегінсіз меңгерген жас ғалымның бұл феномені Қазақстанда қазақ тілін меңгеруге қажетті тілдік орта жеткіліксіз деп сылтау айтатын азаматтарға үлгі боларлық.
«Тілдің көмегімен мен қазақ халқын, оның дәстүрін, тарихын, мәдениетін таныдым. Арменияда қазақтар бар ма, жоқ па, білмеймін. Практика керек негізі. Айналамда қазақша сөйлейтін адам өте аз», - дейді Шушан Хачатерян.