Қазақстан мен Өзбекстан журналистері үшін баспасөз туры өтеді

2 493

Фото: Виктор Федюнин / KazinformҚазақстан мен Өзбекстан журналистерге арналған тренингтер мен семинарлар өткізеді және жас мамандарды қолдау мен жалған ақпаратпен бірлесіп күресуге уағдаласты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы II Орталық Азия медиафорумында айтты.

Министр Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы ынтымақтастығы да жоспарлы түрде жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын атап өтті. 

Мәселен, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі арасында 2025 жылға дейінгі өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Жоспар медиаконтент алмасуды, журналистерге арналған тренингтер мен семинарлар өткізуді, баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыруды, жас мамандарды қолдауды және жалған ақпаратпен бірлесіп күресуді қамтиды, − деді А. Балаева медиафорумның ашылуында. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.