Димаш Құдайберген 700 метр тереңдіктегі жер астына түсті

2 503

Фото:© Видеодан скринҚазақстанның халық әртісі, отандық әнші Димаш Құдайберген Қарағандыдағы концертінен кейін шахтерлерді кәсіби мерекесімен жеке құттықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Димаш әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады. Қарағандыда өткен Шахтерлер күніне арналған концертке 250 мыңға жуық адам жиналды. Концерттен кейін әнші шахтаға барды.

"700 метр тереңдіктегі жер астына түстім. Шахтерлердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін, бұл еңбектің қаншалықты қиын әрі жауапты екенін өз көзіммен көрдім.

Маған шахта жұмысын, адамдардың жер астындағы орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін заманауи қауіпсіздік және позициялау жүйелерін көрсетті. Шахталардың жаңарып жатқаны қуантады.

Бірақ ең бастысы – шахтерлермен жеке кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтаудың сәті түсті.

Бұл мамандық иелеріне деген құрметім шексіз. Сіздердің еңбектеріңіз ерекше мақтауға лайық! Шахтерлер күні құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қауіпсіз ауысым тілеймін!", - деп атап өтті ол.

Димаштың жанкүйерлері әншінің бұл әрекетіне тәнті болып, оған денсаулық пен шығармашылық шабыт тіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.