JasylFest экофестивалі өтті

2 686

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметіАстанадағы "Жетісу" саябағында JasylFest экологиялық фестивалінің екінші маусымы өтті. Іс-шара "Таза Қазақстан" акциясы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Фестиваль StopMusor әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жауапты тұтыну дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.

Іс-шара қонақтары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тұрмыстық химияны гринвошингтен қалай ажыратуға болатынын үйренді, эко-сөмкелерді әрлеуді меңгеріп, жауынқұрты көмегімен компост жасау технологиясымен танысты.

Фестиваль алаңында киім-кешек, кітаптар мен ойыншықтар қабылданатын дармарка және қайта өңдеуге арналған қалдықтарды жинау пункті жұмыс істеді. Қатысушылар макулатура, әртүрлі пластик түрлері, шыны, мата, батарейкалар, электронды қалдықтар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен қолданылған өсімдік майын, т.б. заттарын тапсырды