Тума талант Тілендиевке 100 жыл

2 165

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіБүгін белгілі күйші, композитор, «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Күйшінің өмірбаяны деректерде екі түрлі айтылады. Ресми деректе Нұрғиса Тілендиевтің Алматы облысы Іле ауданының Шилікемер ауылында дүниеге келгені айтылады. Дегенмен кейбір жерлестері оны Іле ауданының Жамбыл ауылында (бұрынғы аты Комсомол ауылы) туды деп есептейді. Оны неге айтып отырмыз?

Сазгердің өзі 1 сәуірдің құжатта туған күні ретінде белгіленуіне «метркесін» рәсімдеп, бала күнінен қамқорлық көрсеткен Ахмет Жұбанов түрткі болғанын айтып кеткен. Үні жазылған таспада Нұрғиса Тілендиев өзінің ел жайлауға шығар кезде дүниеге келгенін баяндайды. Ресми құжаттағы әкесі Тіленді мен атасы Атабайдың есімдері сол кезде ауысып жазылып кеткен. Дұрысында Нұрғиса Тілендіұлы Атабаев болуы керек еді.

Нұрғиса Тілендиев музыканттар арасында «Халық қаһарманы» атағы берілген тұңғыш қазақ ретінде де тарихта қалды. Музыкада, оның ішінде қазақ сахнасында тума талант пен академиялық білімнің біте қайнасқан мысалы сирек. Ал сол сирек феноменнің теңдессіз көрінісі Нұрғиса Тілендиев болғанын оның артында қалған рухани мұрасы әйгілеп тұр.







OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.