Композитор Илья Жақанов Қазақстанның құрметті жазушысы атанды

2 161

Фото: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіБүгін Атырау облысының 4 қаламгеріне Қазақстанның құрметті жазушысы атағы берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы өтіп жатыр. Іс-шара кезінде еліміздің руханиятына үлес қосқан қаламгерлерге құрметті атақты Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов тапсырды.

Қазақстанның Құрметті жазушысы атанғандардың бірі – Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов. Танымал өнер қайраткері қазақтың халық әндері мен композиторларының шығармашылығын зерттеп келеді. Халық әндерінің шығу тарихынан бірнеше кітап жазған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.