Алматыда «Өмір сүру, сену, сүю» атты халықаралық көрме ашылды

2 656

Фото:  Мәдениет және ақпарат министрлігіӘбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының 25 жылдығына орай «Өмір сүру, сену, сүю...» атты көрме ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Австрия, Германия, Канада және АҚШ суретшілерінің 100-ден астам туындылары ұсынылған.

Халықаралық жоба жоғары көркемдік білімі бар, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін секілді түрлі өнерде шығармашылықпен айналысатын 70-тен астам кәсіби суретшілерді біріктірді.

«Таң Шолпан» қоры Қазақстанда жалпы өнерді ілгерілетуді мақсат етіп қойған әйел суретшілерді жинаған жалғыз компания. Олардың өмір философиясы – өнерге, шығармашылыққа деген сүйіспеншілік. Бұл олардың бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Экспозиция 9 ақпанға дейін жалғасады.