Балалардың шығармашылық өмірі оң өзгеріске толы

2 525

Фото: «Сарыарқа» би ансамбліМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастыруға көңіл бөлген болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


Бұл ретте, әр өңірде шығармашылық үйірмелердің тамырына қан жүгіріп, балалардың өнерге, спортқа деген қызығушылығы арта түсті. Жуырда Астана қаласында «Сарыарқа» ансамблінің «Біз билеу үшін жаралғанбыз» атты есептік концерті өтті.


Ансамбль жетекшісі Айымгүл Нұғұмарованың айтуынша, ансамбль 2021 жылдың қараша айында құрылған. Аз уақыттың ішінде балалар республикалық жарыстар былай тұрсын, халықаралық өнер додаларында жүлделі орындарды иеленген. 

«Жас жеткіншектердің ел алдында өнер көрсетуі мемлекет тарапынан балаларға деген қамқорлығының арқасында. Атап айтсақ, «Даму бала» бағдарламасы арқылы талантты да талапты бүлдіршіндер өз-өзін дамытуға мүмкіндік алды. Бұл ретте, жетекшілердің де, ата-аналардың да еселі еңбегін атап өткен жөн. Бізді бүгін 17 жыл сахнада өнер көрсетіп келе жатқан теміртаулық «Гюзель» үлгілі би ансамблі қолдап келіп отыр. Өнерді бағалайтын барша жандарға алғысым шексіз», — деді ол.

Есептік концерт барысында «Сарыарқа» ансамблінің тәрбиеленушілері жыл бойы үйренген билерін паш етіп, әуелетіп ән шырқады.