Қызылордада «Creative Caravan» жобасы іске қосылды
Қызылорда облысында креативті индустрияны және осы сала өкілдерін дамытып, қолдауға бағытталған өңірлік «Creative Caravan» жобасы бастау алды, бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл жоба қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдар көрмесі, маркетинг бойынша тренингтер, заңгерлік кеңестер мен фотосессиялар өткізетін жылжымалы алаңға айналмақ. Сонымен қатар ұйымдастырушылар креативті индустрияны мемлекеттік қолдау шаралары туралы да ақпарат береді.
Осындай бағдарламамен керуен облыстың барлық аудандарын аралайды. Жобаның финалы 16 қазанда Қызылорда қаласында өтеді.