Сауд Арабиясында Қазақстан туралы кітап араб тілінде жарық көрді
254
ҚР Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында араб тілінде жарық көрген «Қазақстан – дамудың 30 жылдығы» кітабы таныстырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Кітап Сауд Арабиясында Қазақстан Елшілігінің ұйытқы болуымен жарық көрді.
«30 жыл ішіндегі Қазақстанның негізгі тарихи оқиғалары сипатталған кітап барлық оқырмандарымыз үшін қызықты әрі пайдалы болады және араб тілді аудиторияға елімізді және Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін жете білуге мүмкіндік береді», - деді кітап авторларының бірі Берік Арын.
Кітапта тәуелсіз Қазақстанның негізгі тарихи оқиғалары баяндалып, еліміздің сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы басты бағыттары сипатталған. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі мен елбасының Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру жөніндегі бастамасына жеке бөлім арналған. Сонымен қатар кітапта түрлі бағытта қазақстандық-саудиялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңдері қамтылған. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін құру, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қарым-қатынасты ортату жолындағы тарихи рөліне айрықша назар аударылған.