Қызылордада «Бабалар үні» пилоттық жобасы іске қосылды

585
Қызылорда қаласында пилоттық режимде «Бабалар үні» пилоттық жобасы басталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



М.Қалауов атындағы Өнер мектебінде бастау алған жоба өнер бағытындағы қосымша білім беру ұйымдарына әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсететін «тірек білім беру ұйымы» ретінде жұмысын үйлестіреді.

Жобаның басты мақсаты оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қосымша білім беру ұйымдары арасынан “Өнер” бағыты бойынша “тірек білім беру ұйымын” жасау және оны басқа қосымша білім беру ұйымдарына тарату мен оқушылардың халық аспаптар оркестрін құру болып табылады.

Бүгінгі таңда жобаның тиімділігін арттыру үшін өнен мектебіне домбыра, скрипка, цифрлық фортепиано, баян аспаптары жаңартылды. Сонымен қатар, теориялық сабақтар үшін - 4 интерактивті дисплей, компьютерлік сынып алынды.

Аталмыш білім ордасында жүргізіліп жатырған жұмыстармен танысу үшін арнайы барған облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет алдағы уақытта Сыр елі музыкасының, өнерінің үздік туындылары мен тарихының базасы қалыптастырылып, насихатталатынын жеткізді.