Ұлттық рухтың символы
Кеше Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 83 жасқа толды.
Мерейлі күнге орай Назарбаев университетінде студенттер халық жазушысымен кездесті. Жастар ұлт руханияты мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ақынның кешін ұйымдастырып, өлең-жырларын оқыды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі
Шығармашылық кеш Мұхтар Шаханов сөзін жазған танымал әндердің оркестрде орындалуымен басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби кешке 200-ге жуық адам қатысқан. Университеттің NU Poetry клубының мүшелері ұйымдастырған алғашқы шара бір ай дайындықты қажет еткен.
Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиеті мен қоғамдық өмірінің көрнекті тұлғаларының бірі. Шығармашылық жолын, әдебиетті азаматтық белсенділікпен ұштастыра білді. Осындай өлең тармақтарын жатқа айтқан бір топ ұстаздар Мұхтар Шахановтың шығармашылығы жастарға бағыт әрі үлгі болатынын айтты.
«Сағындым жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң...
Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған». Студент кезімізде біз осындай достыққа ұмтылдық, үлгі тұттық. Мұхтар Шаханов – тек көркем поэзия өкілі ғана емес, 70-жылдары қазақ әдебиетіне жаңа серпін әкелген, Аралды сақтап қалу жолында күрескен, сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін әділеттің үнін жеткізген тұлға. Мұндай жанмен кездесу – жастар үшін үлкен құндылық әрі тағылымды сабақ, – деді Назарбаев университетінің профессоры, Ұлттық мәдениет орталығының жетекшісі Гүлтас Құрманбай.
Кеш барысында қонақтарға ақынның шығармашылығы мен өмір жолына қатысты сұрақтар дайындалып, сергіту сәті ретінде ойындар ойналды. Сондай-ақ М.Шахановтың қолтаңбасы қойылған сатылымдағы кітаптар келген қонақтардың қолына тиді.