Бүгін - Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл

2 534

Фото: ©egemen.kzБүгін азаттық жолында айнымай еңбек еткен мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туған күні, деп  хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол ХХ ғасыр басында қазақтың тіл, жер, адам құқы мен халық бостандығы жолында күрескен ерен тұлға. «Алаш» деп атқа қонған зиялы азаматтар ел үшін аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсеткен.

Ә.Бөкейхан 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі болған. Осы жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жақып Ақбаевпен бірге әйгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі атанған. Петицияда діни сенім бостандығы, дербес мектептер мен мешіттер салу және ашу тәртібі, қазақ, татар, араб тіліндегі діни кітаптарға цензураны жою, туу туралы тіркеу тәртібін діни басқарма орындарына беру, шетелге шығатын паспорт берудің заңды тәртібін белгілеу сынды маңызды мәселелер көтерілген.

Ал 1917 жылы Әлихан қазақ тарихындағы алғашқы саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі, артынша желтоқсан айында Алаш автономиясын жарияланбақ. Оның үкіметі болып Алашорда құрылған. Қазақ даласындағы тұңғыш үкіметтің төрағасы болып Әлихан Бөкейхан тағайындалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.