Арнайы жасақ туралы фильмнің тұсауы кесілді
«Бүркіт» көркем фильмінің тұсауы кесілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әскери фильмнің қоюшы режиссері – «Алтыншы бекет» және «Қазбат» кино картиналарының бас продюсері Данияр Ибрагимов, ал әскери эпизодтар продюсері – күрең берет иегері, офицер Камал Жақсылықов, екінші продюсер – Ильяс Етекбаев, желілік продюсер – ардагер Сабыржан Сүлейменов.
Басты рөлдерде танымал актерлер Санжар Мәди, Дәурен Серғазин, Асылхан Төлепов және танымал әнші Ғалымжан Молданазар ойнады.
Киноны өскемендіктермен қатар, Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы да тамашалады.
Киноға арнайы жасақ, әскери техника және авиация, сондай-ақ 200-ден аса әскери қызметші түскен.
Айта кетейік, фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырмасымен түсірілген.