Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

2 585

Фото: gov.kzМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тоқаев әз-Наурыздың басы 14 наурызда халқына тілек жолдады.


“Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз .Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен  жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі”, – деді президент.


Мемлекет басшысының айтуынша, қазір Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Ол бірегей дәстүр еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп үміттенеді.

“Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болайық!”, – деді ол.

Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Бұл күн жыл сайын 14 наурызда аталып өтеді. Әсіресе Батыс өңірлерде кеңінен тойланады. Ол күні халық бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасады.