Мәдениет саласындағы қызметкерлердің үстемеақысы 2 есеге ұлғаймақ

171

Еліміздегі өнер иелеріне «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылып, қызметкерлердің үстемеақысы 2 есеге өспек, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



"Бүгін Үкімет «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайтаруды, мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақыны 2 есе өсіру туралы қаулы жобасын бекітті", – деп жазылған хабарламада.


Бүгінде елімізде 49 өнер қайраткері «Халық әртісі» атағына ие. Оның 37-сі мемлекеттік мәдениет мекемелерінде жұмыс істейді.


Еске сала кетсек, Президент «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайтаруды тапсырған еді. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.