Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы өтеді
Атақты күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ мәлім етті. Домбыра байқауын «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырмақ. Өтінім қабылдау 1 ақпан мен 20 наурыз аралығында жүреді. Ал, қазылар алқасының қарауы 21 – 26 наурызда жүзеге асса, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 1 сәуір күні Астана қаласында өтеді.
Қатысу шарттары:
– Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас;
– Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау;
– Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды.
Өтінімдер oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.
Бейнежазбаға қойылатын талаптар:
1. Ұзақтығы 1 минуттан кем емес, 5 минуттан көп емес.
2. Күй басталмас бұрын:
– Амандасу;
– Аты-жөні, жасы және тұратын елі туралы айту;
– Орындайтын күйінің атын айтуы қажет.
3. Бейне мен дыбыс сапасы жақсы болуы тиіс.
4. Киім үлгісі: қазақша.
5. Қатысушы өз бейнежазбасының әлеуметтік желілерде жариялануына келісім береді.
Орындауға болатын күйлер: «Алтын дән», «Ата толғауы», «Аңсау», «Темірбектің төкпесі», «Әлқисса», «Баламишка», «Аққу», «Көңілді бикеш», «Теріс қақпай», «Арман» және Н. Тілендиевтің нұсқасындағы халық күйі «Ақсақ құлан».
Сыйлықтар:
– 18-25 жас санаты бойынша
Гран-при: 400 000 теңге, Домбыра, Кітап1-орын: 250 000 теңге, Домбыра, Кітап
2-орын: 100 000 теңге, Домбыра, Кітап, Шапан
3-орын: Домбыра, Кітап, Тоғызққұмалақ
– 12-17 жас санаты бойынша1-орын:
Ноутбук
2-орын: Планшет
3-орын: Смартсағат
ҮЗДІК-10 қатысушыға «Жас қазақ» этно-лагеріне тегін жолдама