Түркияның Бурса қаласында Түркі әлемінің үздік туындылары орындалды

294
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ұйытқы болған концертке 5 мемлекеттен 200-ге жуық өнерпаз қатысты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, көне шаһар түркі дүниесінің 2022 жылғы мәдени астанасы болып жарияланған. Осымен үшінші мәрте өткен шара түріктің белгілі ақыны Юнус Эмренің 700 жылдық және әзербайжан ақыны Низами Генжевидің 880 жылдық мерейтойына арналды. 

Ақерке Тәжібаева, қобызшы:

- Бурса қаласының үлкен симфониялық оркестрімен бірге керемет шығармалар орындадық. Оның ішінде жаңа туындылардың тұсауын кестік. Юнус Эмренің сөзіне жазылған керемет шығармалардың тұсауын кестік. Осындай концерттер жалғасын тапса деген ниеттемін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.