Эстонияда «The Rhythms of the Nomads» қазақ өнерпаздарының концерті өтті
Қазақстан Республикасының Күнін және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығын мерекелеу аясында Эстония Музыка және театр академиясында қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Қазақстанның Эстониядағы елшілігі, Алматы қаласы әкімшілігі және «Алматы әуендері» КМҚК қолдады.
Концертке Эстонияның саяси, академиялық және іскер топтары, шетел елшілері, қазақстандық диаспора мен Эстониядағы мәдени және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бағдарламада Жеңісәлі Ержанов, «Аркайым» нео-этно-фольклорлық тобы, «Музарт Life» үрлеу тобы, «Сазген сазы» халық аспаптар ансамблі және «Ұлытау» этно-рок тобы өнер көрсетті.
Көрермендер қазақ халық музыкасының бай әлемімен танысып, ұлттық музыкалық аспаптарда күйлер мен әуендерді тыңдады. Сондай-ақ сахнада қазақ, эстон және басқа да шетелдік композиторлардың шығармалары шырқалды.
ҚР-дың Эстониядағы елшісі Алтай Көлгінов Қазақстанның тәуелсіздігі тек 30 жыл болса да, елдің Ұлы дала, көшпенділер дәстүрлері, бостандық, қонақжайлылық және табиғатпен үйлесімділік сияқты құндылықтармен қалыптасқан ұзақ тарихы бар екенін атап өтті.
Концерт Эстонияда ұрпақтардың байланысын, Қазақстанның ұлттық дәстүрлерінің сабақтастығын көрсететін маңызды мәдени оқиға болды. Көрермендер қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық рухын сезіне алды.







