Бүгін – ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетовтың туған күні

2 132

gov.kzЖазушы проза жанрында жемісті еңбек етті. Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» повестерін жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысын жайындағы «Әке мен бала» романын кейін кайта толықтырып, «Қарбаласта» деген атпен жариялады.


Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Оның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы – «Күлкі-сықақ» 1929 жылы жарыққа шықты.


Қаламгер «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценариін де жазды. Сондай-ақ С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды.