Ұлы Жібек жолы – сауда-экономикалық байланыстың алтын көпірі

2 505

Фото:©Нұрбек БАҚЫТАстанадағы Ұлттық музейде «Ұлы Жібек жолы» көрмесі өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Көрші Қытай елінің тарихы жібекпен сабақтасып жатыр. Сауда-экономикалық байланыстың күретамыры болған Ұлы Жібек жолы – соның айғағы.  Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырған көрме жібек тарихынан сыр шертті. Іс-шараға Қытайдағы Хучжоу, Турфан, Жібек музейлері де атсалысты. Қолөнер шеберлері жібектен бұйым тоқып, жіп иіріп, тәжірибесімен бөлісті. Қытайдағы жібекті игеру өнері мен қолөнер шеберлері тәжірибесімен бөлісті, көне заманнан сақталған тоқыманың                  әдіс-тәсілдерін талқылады.  Фото:©Нұрбек БАҚЫТ
Ежелде сауда керуені арқылы Шығыс пен Батыс арасына алтын көпір болған Ұлы Жібек жолы бүгінде сауда-экономикалық байланысты нығайтудың тетігіне айналып отыр. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлиннің айтуынша, екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық бүгінде жаңаша сипат алды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық экономиканы дамытуға жаңа бағыт-бағдар ашуға мүмкіндік беріп отыр.

«Жібек – Қытай өркениетінің жауһары, бүкіл адамзатқа ортақ қазына. 2 мың жылдан бері нәзік жібек жібі Қытай  мен Жібек жолы бойында орналасқан елдердің өркениетін жалғап, теңіз бен таулардан асып өтетін өркениеттер тоғысының мәңгілік көпіріне айналды. Жаңа дәуір бастауында ежелгі Жібек жолы Қазақстаннан қайта жаңғырып, тың серпінмен жалғасын тапты. 2013 жылы ҚХР төрағасы Қазақстанға алғаш рет «Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасын ұсынғаннан бастап, күні бүгінге дейін «Бір белдеу, бір жол» бастамасы халықтың қолдауына ие болып келеді. Қытай мен Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Көрме «Қытай – Қазақстан мәдени алмасу жылы» аясында өтіп жатыр. Көпшілік назарына ұсынылған жәдігерлер ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі кезеңді қамтиды. Шығыс пен Батыс өркениетін тоғыстырады. Көне жәдігерлер тарихтан сыр шертеді», – деді елші Хань Чуньлин. 

Көрмеде екі ел арасындағы мәдени, сауда-экономикалық байланысты дамыту бағытында атқарылып жатқан жоспарлар да айтылды. Қытай Коммунистік партиясы Тұрпан комитетінің хатшысы Вэнь Тяньпиннің пікірінше, көрме – тек қана өнер мерекесі емес, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстардың маңызды жетістігі.