Қасым хан туралы фильм кинотеатрларда мамыр айында көрсетілмек

635
Еліміздегі кинотеатрларда Қасым хан туралы туынды 12 мамырдан бастап жарық көреді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Қазақфильмнің» инстаграм-парақшасына сілтеме жасап.

«Ұлы дала таңы» – Қасым сұлтанның хан ретінде қалыптасуы туралы баяндайтын кинотуынды. Қазақ хандығы тарихында Қасым ханның алар рөлі орасан зор екені мәлім. Өйткені, өзі билік еткен уақытта Қазақстан аумағын батыста Еділге дейін, шығыста Ертіске дейін, оңтүстікте Сырдарияға дейін, Солтүстікте Тобылға дейін жеткізіп ғана қоймай, «Қасым ханның қасқа жолы» атты заң жинағын жариялаған. Көркем фильмде болашақ ханның адамгершілігі мен әскери қабілеті, көшбасшылығы айқын көрініс тапқан. Командамыздың еңбегі көрерменнің зейін қойып, ықыласпен қошеметтейтін туынды боларына үміт мол. Жақында, еліміздің барлық кинотеатрларында»,- делінген хабарламада.