Тағы бір қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында жүлде алды

1 795

«Витебскідегі Славян базары» музыкалық байқауында қазақстандық әнші Құралай Мейрамбек үшінші орынды иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі БЕЛТА-ға сілтеме жасап.


Екі күндік байқау нәтижесінде армениялық өнерпаз Маша Мнджоян бас жүлде алса, бірінші орын – беларусь Самир Елчиевке берілді. Екінші орынды – ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. Үшінші орынды – қазақстандық Құралай Мейрамбек және өзбекстандық Малика Хакимова иеленген.


«Құрметті қазақ елім! Байқауда қолдап, жанкүйер болған баршаңызға мың алғыс! Алла қаласа әлі талай көк туымды әлемде көкте желбірететін боламын!», - деп жазды Құралай өзінің Instagram парақшасында.


«Славян хиті» байқауында Құралай беларусь халқының «Рэчанька» әнін шырқап, 70 ұпайдың 69-ын жинаған еді.


Байқаудың екінші күні «Әлемдік хит» сайысында Қ. Мейрамбек «Frozen 2» анимациялық фильміндегі «Into the unknown» саундтрегін орындап, 63 ұпай алды.


Бұған дейін балалар арасындағы «Славня базарында» 12 жасар Шерхан Арыстан Гран-приін жеңіп алған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.