Отандық фильмдер әлемдік нарыққа шықты
292
Қазақстан пандемия басталғалы қол үзіп қалған кинонарықты қайта жандандырды,- деп хабарлайды
Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Отандық туындылар Мәскеу халықаралық кинонарығы мен Ресей кинобизнесі форумында көрсетілді. Қазақстан Мәскеу халықаралық кинонарығында соңғы үш жылда түсірілген 13 фильмді ұсынды. Үш картинаның жеке көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл жеткіншектердің есеюі кезеңіндегі мәселелерді қозғайтын «Кесте» фильмі, «1941 жылдың жазы» атты тарихи картина және «Зере» драмасы.
Бауыржан Шөкенов, Киноорталық басқармасы төрағасының орынбасары:
– Қазақстан кинематографының тынысын, қандай кино түсіріліп жатқанын көрсетуге келдік. Бұл негізінен әлеуметтік маңызы бар фильмдер. Маңызы зор болғандықтан мемлекет қоғамды толғандырған мәселелерді көтеретін тап осындай киноларды қаржыландыруға ерекше көңіл бөліп отыр.
Бұл іс-шараға қатысудың басты мақсаты – прокат компаниялары мен стриминг платформаларына фильмдер ұсыну. Қазіргі кезде осындай платформалардың қаржылық тиімділігі үлкен экрандарда көрсетілетін фильмдердің табысынан кем түспейді.
Екатерина Бордачёва, «Ресей кинобизнесі» форумының бас директоры:
– Жоғары деңгейде түсірілген түрлі жанрдегі фильмдерді көрдік. Ресейде, әсіресе қазақ комедияларын ұнатады. Пандемия кезінде үйде отырғанда бәріміз тамашаладық. Әрине қазақстандық кино ауқымды тарихи қойылымдарымен де әйгілі. Мәселен бәріміз «Томирис» фильмінің Ресейде шығуын күтіп, картинаны интернет платформаларда көрдік.
Орталық Азия аймағынан кинонарыққа Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікістан кинокомпаниялары да келген. Олар форумға ЮНЕСКО ұйымы Кластер бюросының қолдаумен қатысып отыр.