Иманбек шетелдік жұлдыздармен тағы да жаңа трек жазды

402
"Грэмми" жүлдесін жеңген алғашқы қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов жұма күні су жаңа туындысы жарыққа шығатынын жария етті. Бұл жолы ақсулық талант София Рейес пен Шон Полмен бірлесіп ән жазған. Өлең Dancing On Dangerous деп аталады.

Қазақстандағы жалғыз "Грэммидің" иегері Иманбек Зейкенов бұл жаңалығын Instagram желісінде хабарлап, барша тыңдармандарын қуантты.
 

"Осы жұмада жаңа туындымыз жарыққа шығады. Күтудесіздер ме? Dancing On Dangerous. Шон Пол мен София Рейеспен бірге" , - деп жазды ол. 

Иманбектің жаңа туындысын асыға күткен көпшілік оған өз жылы лебіздерін білдірген. 
"Шон Пол өте мықты әнші. Бұл отандасымыздың деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп тұр" , "Күтуге асықпын. Қазірдің өзінде бұл туындыны тыңдап көргім келіп жатыр" , "Бүкіл әлем күтіп отыр" , "Өте қатты күтіп жатырмыз" , "Жақында сенімен бірлесіп туынды шығармайтын жұлдыз қалмайды" , - деп жазды желі қолданушылары.