«Бұйрабас» атты қысқаметражды анимациялық фильм түсірілмек

494
Елімізде кішкентай көрермендер үшін «Бұйрабас» қысқаметражды анимациялық фильмі түсірілмек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фильмнің режиссері Сақиолла Қасиеттің айтуынша, туынды Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен жасалып жатыр. Продюссері — Аралбай Куанышбек.

«Фильм балалар үшін ерекше қызық болады деп ойлаймыз. Онда, өздігінен жұмыс істеуге ниеті жоқ, десе де, бастық, бай болғысы келетін Сабаншы аңқау болса да пысық Қозыны өзіне иландырып, кәсіп ашады. Одан түк шықпай, салы суға кеткенде, Сарышұнақ кеп, алтын іздеуге шақырады. Осылайша, үш кейіпкердің алтын іздеудегі шытырман оқиғасы баяндалады. Туынды жыл соңына дейін дайын болады», - дейді Сақиолла Қасиет.

Айта кетейік, Сақиолла Қасиеттің бұл алғашқы туындысы емес, бұған дейін ол «Бала Абай», «Исатай мен Махамбет», «Аль-Фараби», «Дала ойындары» секілді анимациялық фильмдерге режиссерлік еткен.