Қазақтың «Ортеке» өнері Қытайда танымал болды

2 524

Фото: Хnhuanet.comҚазақтың мәдени мұрасы - «Ортеке» өнері Қытайда танымал болды. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытай қазақтары туралы «Менің Алтайым» телехикаясындағы «Ортеке» биі түсірілген кадр қытайлық көрермендердің қызығушылығын тудырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қытайлық Tik-Tok және Weibo әлеуметтік желілерінде «Ортеке» өнері туралы тақырып қызу талқыланып, Қытайдағы қандастарымыз «Ортеке» туралы көптеген видеолар жүктеген.


Айта кетерлігі, Алтай аймағы Қаба ауданының қарт ұстазы Серік Қыдырмолла телехикаяда «Ортеке» күйін орындаған.


Серік Қыдырмолланың айтуынша, бұл қойылым бір кездері түрлі мереке-тойларда қазақ халқына кең тараған. Бірақ соңғы жылдары бұл өнер бірте-бірте жойылып барады.


Алайда, «Менің Алтайым» телехикаясы жас ұрпаққа қазақтың көне мұрасын нәсихаттауға мүмкіндік берген.

Қазақтың бұл көне өнері Қытайдағы қазақтар мекендеген Алтай аймағының материалдық емес мұралар тізіміне енген.