Елордада Әзербайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған фестивалі өтеді

481

Фото: Ақорда прессАстанада Әзербайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында «TЕАТРALL» фестивалі өтеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен брифингіде Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Камзин мәлімдеді.


«Фестиваль 22-30 қазан аралығында өтеді. Оны қала әкімдігі ұйымдастырады. Шараға республикалық және шетелдік театрлардан 14 спектакль іріктеледі. Спектакльдерді тәуелсіз сарапшылар анықтайтын болады. Бүгінгі күні театрдың электронды поштасына 25-тен астам өтінім келіп түсті. Оның ішінде еліміздің әр өңірі мен Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясынан және Түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымынан өтінімдер қабылданды. Спектакльдерге қойылатын басты талап – олар Әзербайжан Мәмбетовтің қойған пьесалары болуы тиіс», - деді Нұран Камзин.



Оның айтуынша, қазылар алқасының құрамына Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның белгілі театр қайраткерлері енеді. Сонымен қатар фестивальге шетелдік белгілі өнер адамдары шақырылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.