"Тектілік пен парасаттылық қатар дарыған": Мейрамбек Бесбаев Баталовты ерекше құттықтады

543
Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Бесбаев құрылыс саласында аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Өнер иесі бұл тұрғыда әсіресе Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты ерекше атап өтті. 

Мейрамбек Бесбаев құрылысшылардың кәсіби мерекесінде желіде Амандық Баталовқа жазба арнап, оны ерекше құттықтады. Әнші облыс басшысының бұл саладағы ерен еңбегін атап өтіп, оның өнер саласына да айтарлықтай қамқорлық көрсетіп жатқанын жазды. 

"Бүгін құрылысшылардың кәсіби мерекесінде бар өмірін сәулет өнеріне арнаған, адамзатты баспана мен әртүрлі ғимараттармен қамтамассыз етіп келе жатқан барша азаматтарды құттықтаймын! Осы тамаша мерекеде мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосқан, Талдықорған және өзге елді-мекендерде небір сәулеті жарасқан нысандарды жарқырата салып, ел ризашылығына бөленіп жүрген Амандық Ғаббасұлын ерекше құттықтағым келеді. Тектілік пен парасаттылық бойына қатар дарыған, өмірлік тәжірибесі мол басқарушы ретінде ерте танылған Амандық ағам өнерге де үлкен қамқорлық көрсетіп келе жатқан тұлға. Осы мерекеде Амандық ағама зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды еңбек тілеймін", - деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

Желідегілер эстрада жұлдызының құттықтауына қосылып, Алматы облысының әкіміне ақ тілегін жолдады.