Қазақстанда “Ата Заңым – айбарым!“ онлайн-челленджі өтті
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай әлеуметтік желілерде "Ата Заңым – айбарым!" атты кең ауқымды онлайн-челлендж өтті. Игі бастаманы Алматы қаласының қоғам белсенділері, жастар көшбасшылары және комьюнити - орталықтардың резиденттері қолдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Челлендж қатысушылары Reels және Stories форматындағы қысқаметражды бейнероликтер түсіріп, үш маңызды сұраққа жауап берді: "Қазақстан Республикасының Конституциясы олар үшін нені білдіреді?", "Неліктен қандай да бір бап олар үшін ерекше маңызды?", "Конституцияны білу, түсіну және құрметтеу неге маңызды?"
Бастама эстафета форматында өтті - қатысушылар оны өз достарына, әріптестеріне және жазылушыларына жолдап, барынша көп адамды Конституцияның рөлі мен маңызын ұғынуға тартты.
Челленджге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайырыев те қатысып, қызықты деректермен бөлісті:
Конституцияның мәні туралы Алматы тұрғыны Ақылбек Т. де өз ойымен бөлісті:
Рахматуллаева Р., челлендж қатысушысы, Конституция туралы өз пікірін былай жеткізді:
Бостандық ауданының резиденті Аукиров Н. де өз ойымен бөлісті:
Челленджге жалпы 200-ге жуық бейнежазба жарияланды - қатысушылар өз ойларын, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, Ата Заңның бірлік, әділет және құқықтық тәртіп кепілі ретіндегі маңызын атап өтті.
Бейнероликтер Instagram, Facebook және TikTok әлеуметтік желілерінде келесі хэштегтермен жарияланды: #АтаЗаңымАйбарым, #Конституция30жыл, #Jastar2025
Ең үздік бейнероликтер 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай арнайы видеоколлаж түрінде жарияланады.
Алматы әкімдігі ұсынған материал