Қонысбай Әбіл тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды
Астанада Достық даңғылы, 13-үйдің қабырғасында белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Қонысбай Әбілге арналған ескерткіш тақта ашылды. Ақын бұл үйде 2012 жылдан 2022 жылға дейін тұрған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Салтанатты шараға Мәжіліс пен қалалық мәслихат депутаттары, белгілі жазушылар Төлен Әбдік, Серік Тұрғынбекұлы, Өріс Яшүкірқызы, Камал Әлпейісова, сонымен қатар Қонысбай Әбілдің отбасы мен шәкірттері қатысты.
Жиынды ашқан Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, ақын Бауыржан Бабажанұлы Қонысбай Әбіл қазақ әдебиетінің қазынасын, оның ішінде айтыс өнерін барынша байытып кеткенін, сондай-ақ Астанада ұлт мәдениетінің дамуына қосқан үлесінің өлшеусіз екенін атап өтті.